Сайран көлінен қауіпті бактериялар табылды

Алматының орталығында орналасқан Сайран көлінен қауіпті бактериялар табылды – деп хабарлады ктк телеарнасы. Судан сынама алған Ұлттық сараптама орталығы адам ағзасына зиянды микроорганизмдердің барын анықтапты.

Сондықтан бүгіннен бастап Сайран көлінде шомылуға қатаң тыйым салынды. Сайран Алматының Әуезов және Алмалы аудандарының аумағында орналасқан. Жасанды көл қаланың ішінде болғандықтан, жазда мұнда келіп шомылатындар саны өте көп.

Алайда коронавирустың таралуына байланысты бұл демалыс аумағы карантинге жабылған. Енді судың құрамынан қауіпті бактериялардың табылуына байланысты Сайранда мүлдем шомылуға болмайды.