“Қосымша ем алу қажет”: Біртанов министр қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

Күні кеше денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған Елжан Біртанов жұмысынан босатуды мемлекет басшысының өзі сұрағанын, денсаулығына байланысты қосымша ем алу қажет екенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Біртановтың Facebook парақшасында жазуынша, 25 маусымда Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатуды сұрап, президентке өтініш жазған.

“Өкінішке қарай, мендегі асқынған пневмониялы коронавирус инфекциясы болғандықтан, қосымша ем алу қажет. Мемлекет басшысына қазақстандық денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосуға мүмкіндік бергеніне және жоғары сенім артқаны үшін алғыс айтамын!”, – деді өз сөзінде экс-министр.