Елде букмекерлік кеңселер мен лотереялардағы ставкалардың есебін жүргізу жоспарланып отыр. Мәдениет және спорт министрлігі әрбір бәс тігушілерден қабылданған ұтыс тігулер, ставкалардың нәтижесі, коэффиценттері мен төлемдер туралы ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау қағидаларын әзірледі. Бұл ретте букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға букмекерлік орталықта есепке алынбаған ақша есебінен ставкаларды қабылдауға рұқсат етілмейді. Бәс тігу орталығы құмар ойындарға немесе бәс тігуге қатысуға шектелген тұлғалар тізімінде тұрған адамнан төлемдерді қабылдаудан бас тартуы қарастырылған.