Қазақстанда коронавирустан тағы 135 адам қайтыс болды

Қазақстанда 16 тамыз күні коронавирус жұқтырған 135 кісінің өлімі тіркелді. Оның ішінде 19 адам “ковидтектес пневмониядан” көз жұмған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бір Алматының өзінде аурудан 34 адам қайтыс болған. Қала коронавирус жұқтырғандар бойынша да алда келеді. Кейінгі екі аптада онда күн сайын 1,4-1,5 мың науқас тіркеліп отыр. Елде 29 шілдеден бастап Covid науқастары арасында күн сайын 100-ден қайтыс болып жатыр. 4 тамыз күні бір тәулікті 158 адам өмірден озды. Екі күннен соң тағы да осы көрсеткіш тіркелді. Мамандар аурудың бұлай өршуін коронавирустың “дельта” вариантымен байланыстырады.