Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қай айларда болуы мүмкін екені айтылды

Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болуы мүмкін екенін айтты – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“Біз қазір болжам жасап жатырмыз, қазіргі жағдайды бағалаймыз. Ең дәл болжамдар екі апта ішінде жасалады. Күнде келіп жатқан көрстекіш әртүрлі. Қараша – желтоқсан айларында науқастар саны өсуі мүмкін деп отырмыз. Бұл екінші толқын болуымен байланысты, сондай-ақ, жедел респираторлық инфекциялар мен тұмаумен байланысты”, – деді Цой.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 498-ге жетті. 100 042 науқас дертінен айықты, 1 646 адам қайтыс болды.