Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы қашан басталады?

Елордада жылыту маусымына дайындық бекітілген кесте бойынша жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы орташа ауа температурасы 5 тәулік бойы +10 градус және одан төмен болған кезде басталады.

Сондай-ақ, елордада энергия кешендерін, ТКШ, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарының жылыту маусымына дайындығы бекітілген жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Көппәтерлі тұрғын үй қорының дайындығы 90 пайыздан жоғары.