Денсаулық министрі Қазақстан қандай жағдайда қатаң карантинге оралатынын айтты

Ауруханалардағы төсек-орын қорының 70 проценттен астамы науқастарға толса, Қазақстанда қатаң карантин енгізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Онлайн баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері министрден қатаң карантин жариялауға негіз болатын критерийлерді атауды сұрады.

“Ауруханалардағы төсек-орын қорының 70 пайыздан астамы толса, өте қиын сәт туады. Сол кезде қатаң шектеу шараларын енгізу арқылы денсаулық сақтау министрлігіне қолдау көрсетілуі тиіс”, – деді Цой.