Қазақстанда әлеуметтік желілерді реттейтін заң шығару қажет

Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов осылай деп мәлімдеді. “Пандемия кезінде дүние жүзінде идеологиялық вирустар тарап жатыр. Жалған ақпарат сол вирусты әлеуметтік желі арқылы таратып отырады. Сондықтан әлеуметтік желі туралы заң қабылдауымыз керек”, – деді депутат. Айта кетейік, Ресейде 1 ақпаннан бастап әлеуметтік желілерде былапыт сөз жазуға болмайды. Әйтпесе, пікір жазған адам емес, әлеуметтік желінің өзіне айыппұл салынады. Жаңа заң бойынша, әлеуметтік желілер былапыт сөз жазылған жазбаларды тауып, оны өшіріп отыруға тиіс. Оған бір тәулік уақыт беріледі.