Қазақстанда мобильді топтардың саны 3,5 мыңға дейін артады

Халыққа үйде медициналық қызмет көрсететін 400 әмбебап мобильді бригада жасақталды. Шілденің аяғына дейін олардың саны 3,5 мыңға дейін артады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президенттің айтуынша, ауруханаларда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған орындар да көптеп ашылуда. Төсек орындардың жалпы саны 70 процентке артып, 43 мыңға дейін жетті.

Запастағы медицина мамандарын қайта даярлау және коронавирусқа қарсы күреске тарту жұмысы қолға алынды”, – деп атап өтті Тоқаев.