Қазақстанда пандемия басталғалы 2 мың әскери қызметкер коронавирус жұқтырған

Қазақстанда пандемия басталғалы 2 мың әскери қызметкер коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді. “Армия қоғамның бір бөлігі болғандықтан, бұл жалпыға ортақ қайғы. Дерт жұқтырғандардың ішінде қазір 100-ге жуық адам емделіп жатыр, қалғандары жазылып шықты. Өкінішке қарай, бірнеше өлім жағдайы тіркелді. Қауіпті дерттен қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтамыз”, – деді Нұрлан Ермекбаев. Қазір әскерде маска тағу, бөлмені тазалау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормативтер енгізілген. Министрдің айтуынша, Қарулы күштерде қол алысуға тыйым салынған.