Қазақстанда пневмониядан қайтыс болғандардың саны екі есе өскен. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді. Ол соңғы екі жылдағы пневмонияға қатысты біріккен статистика туралы айтты. “2019 жылы 2 тамызға дейін 2033 өлім жағдайы болса, биыл 4042 адам өлімі тіркелген”, – деді министр.