Қазақстанда ҰҚШҰ-ның оқу-жаттығулары өтеді

Бұл туралы ұйымның Біріккен штаб басшысы генерал-полковник Анатолий Сидоров брифингте айтты. Онда ұйымның қызметі қорытындыланды. Одан өзге ұлттық контингенттердің ұжымдық қауіпсіздікке төнетін сын-тегеуріндерді бейтараптандыру тапсырмаларын бірлесіп орындау дайындығы да көрсетілді. Биыл ұйымының жоспарында бірлесіп өтуге тиісті бірқатар шаралар бар. Оның ішінде Қазақстан аумағында барлау күштері және құралдарының «Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуын, «Эшелон-2022» материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері және құралдары арасындағы арнайы оқу-жаттығуын, Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия өңіріндегі дағдарыстық жағдайды реттеу тапсырмаларын пысықтайтын ҰҚШҰ ұжымдық жедел ден қою күштері арасындағы «Өзара іс-қимыл-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланып отыр.