Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қоғамдық кеңесіндегі орындарға қосымша конкурс жарияланды

Қосымша бес адам қабылданады. Коммерциялық емес ұйымдары ұсыныстарын, азаматтар өтініштерін 10 жұмыс күні ішінде агенттікке жолдауы тиіс. Ең бастысы, кандидат толық аты-жөнін, қызмет саласын, өмірбаянын және байланыс деректерін көрсету керек. Қоғамдық кеңестің мүшелігіне он сегіз жасқа толған Қазақстан азаматы кандидат бола алады. Байқау мерзімі осы жылдың 24 ақпанына дейін белгіленген.