Қазақстанда шыққанына 10 жылдан асқан автобустарды тіркеуге тыйым салынады

Бұл туралы әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді. Норма келер жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. Бұл жүргізушінің орнынан басқа 8 орындықтан астам орны бар барлық автобусқа қатысты болады. Айта кетейік, 1 ақпанда мемлекет басшысы «Жол жүрісі мәселелері бойынша» заңға қол қойды.