Қазақстанда сотталғандармен кездесуге рұқсат беріледі

Қазақстанда сотталғандармен кездесуге рұқсат беріледі. Бұл туралы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады. Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес ұзақ мерзімді кездесулер 2 тәуліктен аспайды және алдын ала жазылу арқылы ұйымдастырылады. Ұзақ мерзімді кездесуден шыққан сотталғандар 14 күн карантинге орналастырылып, өзге адамдардан оқшауланады.