Қазақстанда су тасқынынан 46 үйді су басты

фото:Inform.kz

Юрий Ильин елімізде жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы айтып берді. Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, үй ішіндегі су деңгейі 10-15 саниметр деңгейінде болғандықтан, барлық жерде су сорғылау жұмыстары жүргізілген. «Тұрғындар біртіндеп оралып жатыр. Жағдайды тексерген соң, жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу туралы шешім қабылдайды», – деді министр. Сонымен бірге, елімізде облыстық және аудандық маңызы бар 67 автожолға су жайылған.