Қазақстанда тұрмыстық салада учаскелік инспектордың өкілеті кеңейтіледі

Қазақстанда тұрмыстық салада учаскелік инспектордың өкілеті кеңейтіледі. “Заң жүзінде учаскелік инспекторларға құқық бұзушыға өз бетінше тыйым салу мен шектеу қою құқығын беру көзделіп отыр. Полицейге құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығару құқығы беріледі”, – деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Сонымен қатар учаскелік инспектор шешім қабылдап, жаза қолдана алатын баптардың тізбесін кеңейту жоспарланып отыр деп хабарлайды Sputnik. Министрдің айтуынша, учаскелік инспекторлардың саны да артады. Олардың лауазым атқару мерзімі бес жылдан кем емес уақыт деп бекітілді.