Қазақстанда тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды.

Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті. Қайта тексеру қорытындысы бойынша тексеру парағының 46 тармағынан 39 тармағы бойынша бұзушылықтар анықталды. «Университетке сәйкессіздіктерді жоюға уақыт берілді. Алайда жоғары оқу орны берілген уақытты білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуға емес, сот талқылауына және БҒМ комитетінің іс-әрекеттеріне шағымдануға жұмсаған»,- делінген ведомство хабарламасында. Одан бөлек, Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 18 тамыздағы шешімімен жоғары оқу орыны нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.