Қазақстандағы Covid дерегі: 930 науқас, 10 өлім тіркелді

18 ақпан күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен 930 науқас, 10 өлім тіркелгенін хабарлады. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Павлодар облысында тіркелген науқастар саны жүзден асады. Қазақстанға індет келгелі барлығы 204 924 науқастың ПТР тесті оң шыққан. Ресми статистика бойынша, оның 2674-і коронавирустан қайтыс болған саналады. Бірақ бұдан бөлек, Covid инфекциясын жұқтырғаны расталған, бірақ “өзге себептен қайтыс болды” деген жүздеген адам бар. Вирус жұқтырғаны расталған бұл науқастардың 188 606-сы жазылып шыққан. Қазір 13 644-і емделіп жатыр.