Қазақстандағы сарбаздар арасындағы суицидтің ықтимал себептері айтылды

Бас әскери-медициналық басқарманың статистикасында өз-өзіне қол жұмсау фактілері бар. Бірақ сарбаздар арасында мұндай жағдайлардың қалыпты өсімі байқалмайды, деп сендірді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев. Осы жылдың бес айында бас әскери-медициналық басқарманың статистикасы бойынша Қазақстанда 4318 суицид тіркелді. Оның төртеуі қарулы күштер қатарында болған. Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері – 4019, оның ішінде жетеуі қарулы күштерде. Ахмедиевтің айтуынша, Қорғаныс министрі Қарулы күштердегі жазатайым оқиғалардан емес, өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларынан болатын өлімді барынша азайту міндетін қойды. Арнайы жұмыс тобы құрылып, суицидтің себептерін егжей-тегжейлі зерттеп, мұндай жағдайларды барынша азайту бағытында жұмыс атқарып жатыр. Сонымен қатар вице-министр бұл бағыттағы жұмыстың бір бөлігі әскери бөлімдерде цифрландыру арқылы жүзеге асырылатынын айтты.Сарбаздардың қозғалысын, жүрген орны мен пульсін бақылайтын білезіктерді пайдалану ұсынылады. Егер сенсор сөніп қалса, командирлер осы жерге барып, тексеру жүргізе алады. Суицидке бейімділігін анықтау үшін психологиялық тесттер әзірленді, – деп түйіндеді Дархан Ахмедиев.