Қазақстанда жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүру міндеттелмейді

Қазақстанда жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүру міндеттелмейді. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары осындай норма көзделген заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Нормативтік құжат көлік иелерінің жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу құжаттарын өзімен бірге алып жүрмегені үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастауды қарастырып отыр. Алайда жүргізушілер өзімен бірге жеке куәлігін алып жүруге мндетті болады. Бұл түзетулер шетел жүргізушілері мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды.