Қазақстандық ұшқыш Болат Серікбаев пневмониядан қайтыс болды

Қазақстандық ұшқыш Болат Серікбаев пневмониядан қайтыс болды. Ол елге гуманитарлық көмек тасуға ат салысқан. 38 жылдық тәжірибесі бар ұшқыштың қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Оның өкпесі 95 пайызға қабынған делінген жазбада.

Ұшқыш өлімін SCAT әуе компаниясы растады. Avtoradio.kz Болат Мұсаұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтады.