Қазақстандық үш жоғары оқу орны диплом беру құқығынан айырылды. Енді олардың білім беру қызметіне аккредитациясы жоқ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Орталық Азия университеті, «Астана» университеті және Ақтау гуманитарлық-техникалық университетінің аккредитациялары кері қайтарылды. Себебі, бұл жоғары оқу орындары білім беру сапасының аккредиттеу стандарттарын сақтамаған. Осыған байланысты Тәуелсіз қазақстандық аккредиттеу орталығы мен Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі аталған жоғары оқу орындарының аккредитациясын қайтарып алды. Енді бұл университеттер студенттерді қабылдауға құқығы жоқ», – делінген хабарламада.