Павлодар облысында он адамнан вирустың үнді штамы анықталды

Павлодар облысында он адамнан вирустың үнді штамы анықталды. Маусым айының аяғында сараптамаға жіберілген 14 сынаманың 10-нан тез тарайтын “дельта» штамы анықталған. Өңір қайтадан «сары аймаққа» өтті. Бүгін Ақсу қаласы мен Тереңкөл, Железин, Успен, аудандары сары аймақта тұр. Бір аптада 342 адам ауру жұқтырған.