Токио Олимпиадасының жеңімпаздарына табысталатын сыйақы мөлшері белгілі болды

Токио Олимпиадасының жеңімпаздарына табысталатын сыйақы мөлшері белгілі болды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәлімдеуінше, бірінші орын үшін спортшы мен оның жаттықтырушысына 250 мың доллар төленеді. Мұнда 10%-ы спортшының бірінші жаттықтырушысына, 80%-ы спортшы мен жеке жаттықтырушыға, тағы 10%-ы нақты спорт түрі бойынша команданың бас жаттықтырушысына беріледі. Екінші орын үшін спортшылар 150 мың доллар, ал үшінші орын үшін 75 мың доллар алады. Айта кетейік, Олимпиада 23 шілдеде басталады, жабылу салтанаты 8 тамызда болады.