Қазақстандықтар қаңтарда қанша күн демалады

2023 жылдың қаңтарында қазақстандықтар үш күн – 1, 2 және 3 қаңтар демалады. 1 қаңтар жексенбіге түседі, сондықтан мереке 3 қаңтарға ауыстырылды. Жаңа жылдық мерекелер барлығы төрт күнге созылады: биыл 31 желтоқсан сенбіге түсіп тұр, сондықтан бес күндік жұмыс аптасы барлар тағы бір күн демалады. Православ Рождествосы 7 қаңтарда тойланады. Бірақ биыл ол сенбіге сәйкес келіп тұрғандықтан, ауыстыру қарастырылмаған. Қазақстандықтар қаңтар айында барлық сенбі мен жексенбі күндерін қосқанда 11 күн демалады.