Қазақстандықтар көшеде де маска тағуға міндетті

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова сыртта маска тағу міндетті екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“Бүгінде карантин кезінде жабық типтегі нысандарда да, ашық нысандарда да маска тағу міндетті. Соған байланысты Қазақстан азаматтарына талап қойылып, жауапкершілікке тартылады. Маска инфекцияның тарауынан қорғайтыны дәлелденге, себебі коронавирус ауа-тамшы жолдары арқылы беріледі”, – дейді Айжан Есмағамбетова.

Бас санитар дәрігер аталған талап 26 шілдедегі 43-қаулыда жазылғанын айтты.