Қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады

Бұл айда үш мемлекеттік мереке бар. Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар және Жеңіс күні. 1 мамыр – Халық бірлігі күні бес күн жұмыс істейтіндер үш күн қатарынан, 29, 30 сәуір (сенбі, жексенбі) және 1 мамыр (дүйсенбі) демалады; алты күн жұмыс істейтіндер екі күн қатарынан, 30 сәуір (жексенбі) және 1 мамыр (дүйсенбі) демалады. Одан кейін Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні бар: бес күн жұмыс істейтіндер төрт күн қатарынан 6, 7, 8, 9 мамыр, алты күн жұмыс істейтіндер үш күн қатарынан: 7, 8 және 9 мамыр күндері демалады.