Қазақстандық вакцинаның клиникалық сынақтарына 627 адам қатысуға ниет білдірді. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында жасалған. Институт өкілдері вакцинаның клиникалық сынақтарына қатысу үшін еріктілерді тартуды жалғастырып отыр деп хабарлайды Ғылым комитеті.
«Құжаттарды қабылдау осы жылдың 10 қыркүйегінде аяқталады. Бірінші кезеңде 44 адамды, екіншісінде 240 адамды таңдауды жоспарлап отырмыз», – деді БҚПҒЗИ бас директоры Күнсұлу Зәкәрия. Еске сала кетейік, 31 шілдеде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) QazCovid-in®️ вакцинасын клиникалық сынақтарға жіберілген кандидат вакциналар тізіміне енгізді.