Халық орталықтарда қызмет ала алмайтынына шағымданды. Алматы тұрғындарының айтуынша, қаладағы арнайы ХҚКО екі күннен бері жұмыс істемейді. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы мамырдың 2 және 3 арнайы ХҚКО қызметтерінде техникалық ақаулар болғанын мәлімдеді. Ал бүгінгі күні жұмыс жартылай қалпына келтірілген. Жауапты мамандар мемлекеттік корпорацияның серверлеріндегі ақауды жоюға кірісіп жатыр. Жұмыс қабілеттілігін толық қалпына келтіру туралы қосымша хабарланады”, – делінген хабарламада.