Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялады. Мемлекет басшысы полиция қызметінің көбіне адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қауіпті мамандық екенін атап өтті. Тәуелсіздік жылдарында қызмет бабында 815 қызметкер қаза тапты. 4,5 мыңнан астамы жарақат алды. «Қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету ісіндегі ішкі істер органдарының үлесін бағаламауға болмайды. Қазақстан полициясында отансүйгіштіктің, ашықтықтың, әрқашан адамдарға көмекке келуге дайын тұратын адалдықтың образы қалыптасуы керек»,- деді президент.