Әнші Юрий Шатунов қайтыс болды

Шатуновтың директоры Аркадий Кудряшов әнші инфаркттан қайтыс болғанын хабарлады. Юрий Шатунов небәрі 48 жаста еді. “Бүгін түнде жедел жәрдем көлігінде Юраның жүрегі тоқтап қалды”, – деді Аркадий Кудряшов. Юрий Шатунов – кеңестік және ресейлік танымал әнші. “Ласковый май” тобының солисі болған. Оның “Искусственное дыхание”, “Вспомни май”, “Седая ночь” секілді танымал альбомдары бар.