“ҚазАвтоЖолдың” экс-басқарма төрағасы ұсталды

Асқар Мұратұлы бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді. Сот күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Асқар Мұратұлы “ҚазАвтоЖолды” 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың ақпанына дейін басқарды.