Қазнетте патруль полицейлері соққыға жығылған видео тарады

Қазнетте патруль полицейлері соққыға жығылған видео тарады. Кадрда бірнеше адам тәртіп сақшыларының бірін ұрып жатқанын көруге болады. Екінші полицей қару алып, оларға орындарынан қозғалмауды бұйырды және аспанға оқ атты. Желі пайдаланушылары мұны Қазақстанда болған деп болжады. Алайда патруль полицейлеріне шабуыл Бішкекте 27 желтоқсанға қараған түні жасалыпты. АКИpress мәліметінше, милиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген күдікпен 30 және 16 жастағы екі адам ұсталған. Бішкектің патруль полицейлері Volkswagen Passat көлігі көше қиылысында жол қозғалысына кедергі жасап тұрғанын байқап, көлікті тоқтатқан. Жүргізуші мен жолаушыдан алкогольдің иісі шығып тұрғанын сезген. жүргізу куәлігі мен көліктің құжаттарын сұрағанда, олар талапты орындаутан бас тартып қарсыласқан. Артынша кіші сержанттың погонын жұлып, полицейге шабуыл жасаған.