“Бұл қалай?”: сенатор электр самокатпен жүретіндердің мәселесін көтерді

Сенатор Нұртөре Жүсіп электр самокаттарды пайдалану ережесін заңмен бекітуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Сенатордың мәліметіне сәйкес, биыл 8 айдың ішінде электр самокаттардың қатысуымен 387 жағдай тіркелген. 25 адам қайтыс болып, 411 адам жарақат алды. “Аталған құрылғылардың тиісті жіктеу және техникалық талаптардың болмауы оларды басқаратын адамдардың құқығы мен міндетін заңнамалық бекітуге, сондай-ақ, техникалық реттеудің қажетті әдісін, нарықтағы айналым немесе пайдалану қағидасын, қауіпсіздік талабын, сәйкестікті бағалау рәсімін, таңбалаудың бірыңғай талабын белгілеуге мүмкіндік бермей отыр”, – дейді Жүсіп. Осыған байланысты сенатор үкіметке депутаттық сауал жолдап, электр самокаттарды әкелу және қауіпсіз пайдалану тәртібін реттеуді талап етті.
Қазақстандықтар Үндістан мен Филипинге емін-еркін бара алады. Себебі қос тарап біздегі вакцина құжатын мақұлдады. Қазір қазақстандық екпе паспортын мойындаған мемлекеттер саны 15-ке жетті. Бұл туралы ведомстоваралық комиссияның отырысында айтылды. Сондай-ақ бұдан былай туыстары мен отбасы мүшелері Қазақстанда тұрып жатқан шетелдіктерге ел аумағына кіруге рұқсат берілді.