БҚО-да университет қызметкерлері бюджеттің 55 млн теңгесін жымқырған

Атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалған. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай баяндады. Оның айтуынша, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қаражат бөлген. Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек еді. Алайда университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған. Прокуратураның тапсырмасы бойынша қылмыстық істі Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеуде.