БҚО-дағы жағажайда жалаңаш би кешіне қатысқандар қамауға алынды

БҚО-да жағажайдағы жалаңаш кештің екі қатысушысы қамауға алынды. Тағы біреуінің ісі Бәйтерек ауданының әкімшілік сотында қаралады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Полицейлер Орал қаласы маңындағы жағажайда жалаңаш би кешіне қатысқан үш адамның жеке басын анықтаған. Іс БҚО Бәйтерек ауданының № 2 аудандық сотында қаралды. “28 жастағы ер адам кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамау, ал 20 жастағы әйелге бес тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды”, – деді БҚО облыстық соты. Сотта оқиға 18 шілдеде түнгі сағат екі шамасында “Ванильные берега” жағажайында болғаны айтылды. Жағажай иелері мен оны жалға алушыға да хаттама толтырылған. “Өңір “қызыл” аймақта орналасқан және жаппай жиналуға тыйым салынады.