Бұрынғы Экология министрі Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды

Ол «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды. Брекешев газ жобаларын дамытуға жетекшілік етеді. Еске салсақ, С.Брекешев 2021 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қаңтарына дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды. Әр жылдары техникалық саясат департаментінің директоры, «ҚазТрансГаз» АҚ-да ресурстық базаны және техникалық саясатты дамыту жөніндегі бас директордың орынбасары; ҚР мұнай және газ министрлігінде газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры болған.