Соған байланысты ол пробациялық есептен шығарылды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 2015 жылдың желтоқсанында Серік Ахметовтің мүлкі тәркіленіп, он жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сот оны сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасап, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды, қызмет бабын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп тапты. Ахметов мемлекетке келтірілген шығынды өтеу мақсатында 2,2 миллиард теңге төлеген. Нәтижесінде сот оның бас бостандығынан айыру мерзімін он жылдан сегіз жылға дейін қысқартты. 2017 жылдың қаңтарында кешірім жарияланып, Серік Ахметовтің мерзімі қысқартылған. Жазаның өтелмеген бөлігі ширекке қысқартылып, бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. 2017 жылдың қыркүйегінде Ахметов колониядан босатылды.