Түркістан облысында 3,5 тонна бензин құйылған цистерна өртенді.

ТЖД жедел кезекші бөліміне Сайрам ауданындағы Ақсукент-Қарабұлақ теміржолы бойындағы бір вагон өртенгені туралы хабарлама түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген бойда “ҚазТрансойл” мұнай базасында цистерналарды толтыру кезінде олардың біріндегі бензин жанғаны анықталды. Қазір өрт сөндірілді. Жедел жәрдем ақпараты бойынша, мұнай базасының 21 жастағы бір қызметкерін күйік шалып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.