Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетіндегі атыстан 8 адам қаза тапты

Бірнеше адам жарақат алды. Атыс шығарған белгісіз адам ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін Пермь университетінде травматикалық қарудан оқ атылып, төрт адам жараланғаны хабарланған еді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты деректер анықталып жатыр. “Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол қамауға алу кезінде қарсыласуына байланысты жараланды. Тергеу күдікті туралы материалдар жинап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды”, – делінген хабарламада.

Университетке шабуыл жасаған ер адамның жазбасы пайда болды. Mash Telegram арнасы Vk-парақшасында жарияланған жазбада университетте оқ жаудырған 18 жастағы Тимур Бекмансұров не үшін бұлай істегенін түсіндірген. “Бастауыш мектептен бастап мен адамдарға зиян тигізгенді ұнататынымды түсіндім. Олардың қайғы-қасіреті, бетіндегі қорқынышы, бұл эмоциялар бәрі шынайы. Айналамдағы барлық нәрсені жоюға деген ұмтылысты басуға тура келді, егер мен қазір жасамасам, болашақта қайткенде де біреуді өлтірер едім”, – деп жазады Тимур Бекмансұров. Жазбада ол экстремистік, діни және саяси ұйымда емес екенін айтты.