“Біз ресми рейтингтерге сүйенеміз. Мен де сіз сияқты интернетті пайдаланамын. Менде жеке интернет жоқ. Ел тұрғындарында болатын байланыс сапасына қатысты проблемалар менде де болады. Сондықтан біз операторларға нақты міндеттер қоямыз. Ал мен ай сайын базалық станцияларды орнату мәселесін қадағалап отырамын”,- деді Бағдат Мусин. Естеріңізге сала кетсек, шілде айында Бағдат Мусин Speedtest Global Indeх-ке сүйене отырып, Астана интернет сапасы бойынша Токионы басып озып, 35-позицияға көтерілгенін хабарлаған еді.