Олжас Бектенов: Салынған үйдің сапасы маңызды

Олжас Бектенов: Салынған үйдің сапасы маңызды. «Тек мерзім емес, сапа жағы да өте маңызды». Олжас Бектенов батыс өңірлердің әкімдіктеріне тұрғын үйді қалпына келтіру қарқынын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды 24kz. Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысынан басқа аймақтар тасқыннан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары әлі қажетті қарқынды ала алмай отырғанын атап өтті. Премьер-министр жергілікті билік жұмысында салғырттық, шешім қабылдауда баяулық, ұйымдастыру ісінде әлсіздік байқалатынын айтты. Олжас Бектенов мерзімдерді бұзбай, сапалы құрылыс жүргізу қажеттігін ескертті.