Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деп мәлімдеді. Үйлерді қалыпқа келтіру бойынша 5 жұмысшы тобы құрылды. Оның ішінде мамандар мен сарапшылар, ғылыми зерттеу институтының мамандары, жобалаушлар бар. Үйді жөндеу немесе қалпына келтірмес бұрын оны зерттеуіміз керек. Қазір жұмыс жүріп жатыр. Әрбір үйдің сметасы бекітілген. Әрбір үйге қанша шығын келгені анықталды. Барлығы жазылған, 1 млрд 200 млн теңге бөлінді,- деді Сапарбаев.