Пәкістанда өзін жаңа пайғамбармын деп атаған әйел өлім жазасына кесілді.

Сальма Танвир есімді әйел “Құдайға тіл тигізді” деп айыпталды деп жазады The Independent. Өзін Мұхаммедтен (с.ғ.с.) кейінгі пайғамбармын деп атаған тұрғын бұған дейін мектеп директоры болып жұмыс істеген. 2013 жылы жергілікті полицейлер дін қызметкерінің шағымы негізінде Танвирге қатысты іс қозғаған. Ал бүгін Пәкістан соты оны өлім жазасына кесіп, 50 мың рупий (шамамен 21 мың рубль) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Сот үкімі 22 беттен тұрды. Айта кетейік, айыптаушы “Танвирдің психикасында ешқандай ақау жоқтығы және оның сотқа қатыса алатыны көрсетілген” медициналық комиссияның анықтамасын ұсынған.