Павлодар мұнай-химия зауыты 1 қазаннан бастап жөндеуге тоқтатылады

Бұл туралы зауыт сайтындағы хабарламада айтылған.Жоспарлы жөндеу жұмыснан кейін зауыт қазан айының соңында тұрақты жұмыс режиміне көшпек. Бұл кезде Атырау мен Шымкент зауыттары қарқынды жұмыс істейді. Биыл ПМХЗ-дағы жөндеу ішкі нарықтағы сұраныс тепе-теңдігін сақтау үшін екі рет кейінге қалдырылды. Бірінші жоспарлы профилактикалық жұмыстар шілдеден қыркүйекке содан кейін қыркүйектен қазанға ауыстырылды.