Балқашта 13 жасар қызды зорлаған полицейге сот үкімі шықты

Былтыр Балқаш қаласында 13 жасар қызды зорлаған полицей 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды жергілікті “Мой город” басылымы. Ал тәртіп сақшылары күдікке ілінген әріптестерін облыс аумағынан қашып кетуге әрекеттенген кезінде тұтқындаған. 2 наурыз күні сот экс-полицейді кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырды және 5 миллион теңге көлеміндегі моральдық өтемақы төлеу жөнінде үкім шығарды.