Бас прокуратура алаяқтықпен күресті күшейтті.
Енді алаяқтар «1414» нөмірінен SMS жібере алмайды. Аталған нөмірден SMS-код жібергісі келетін мемлекеттік органның өкілі өзінің жеке басын FaceID, электрондық цифрлық қолтаңба немесе eGov QR арқылы растауы тиіс. Бұл қызметтерге қосылмаған жүйелер «1414» нөмірінен хабарлама жібере алмайды.
Елдің Бас прокуратурасы осылай деп хабарлады. Прокуратура ескертеді: мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан SMS арқылы бір реттік кодтарды, карта деректерін немесе парольдерді сұрамайды; ақша аударуға арналған «қауіпсіз шоттар» жоқ.
Егер қандай да бір күдікті қоңырау келіп түссе, бірден тұтқаны қойып, сол органның ресми нөміріне хабарласу қажет.
