Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Кеше Алматының Алатау ауданында бес адам қайтыс болды. Оның ішінде екі полицей бар: полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев. “Олар адамгершілігімен айналасына абыройлы болып, отансүйгіштігімен талайға үлгі бола білді”, – деп жазды Тұрғымбаев Facebook парақшасында қайтыс болған қызметкерлер жайлы. Ішкі істер министрінің қолдау хаты бойынша Алматы қаласының әкімдігі қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына тұрғын үй береді.