“Баспана беріледі”: министр Алматыда қаза болған полицейлер отбасына көңіл айтты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Кеше Алматының Алатау ауданында бес адам қайтыс болды. Оның ішінде екі полицей бар: полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев. “Олар адамгершілігімен айналасына абыройлы болып, отансүйгіштігімен талайға үлгі бола білді”, – деп жазды Тұрғымбаев Facebook парақшасында қайтыс болған қызметкерлер жайлы. Ішкі істер министрінің қолдау хаты бойынша Алматы қаласының әкімдігі қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына тұрғын үй береді.